Облыс халқы – 735571 адам

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2014 жылдың 1 қазанында облыс тұрғындарының саны 735571 адамды құрады.

Оның 346555-і қалаға, ал, 389016-сы ауылға қоныстанған. Жыл басынан бері өңірде 9779 сәби туылғаны тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,5 пайызға төмен. Туудың мың адамға шаққандағы жалпы коэффициенті облыс бойынша 17,77 тууды құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 17,90 болған еді.
Жыл басынан бері 5743 адам қайтыс болды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,6 пайызға төмен. Өңір бо-йынша табиғи өсім 4036 адамды құрады. Адамдардың қайтыс болуына қан айналымы жүйесінің ауруы себепші болып отыр. Биыл осы аурудан 1089 адам бақилық болды.
Жыл басынан бері көші-қон мәселесінде Монғолия мен Қытайдан 55 және 56 адам келсе, Өзбекстан мен Ресейден келгендердің саны 175 және 193 адамды құрады.

Жанна САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық статистика басқармасының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар