Батырбек Оздоев: «АУЫР АТЛЕТИКА БІР КҮНДЕ ДАМЫМАЙДЫ»

Жауырыны жерге тимей, алғаш ұлтымызды əлемге танытып, «Қазақ даласының батыры» атанған Қажымұқан бабамыздың атындағы Көкшетау спорт мектебінің қабырғасынан шыққан шəкірттердің алдыңғы легі Олимпиада жүлдегері атанса, кейінгілері республика көлемінде өнер көрсетіп жүр. Осы мектепте ауыр атлетикадан шəкірт баптап жүрген Батырбек Оздоевпен осы спорт түрінің бүгінгі жай-жапсары, алған асулары мен жетістіктері жайлы əңгімелескен едік.

– Ауыр атлетика кешегі Кеңес заманы- нан бері тұғырынан түспей келе жатқан спорт түрі. Бұның бастауында небір саңлақтар тұр. Солардың бірі – өңірімізден шыққан Жамаледдин Панахов. Ол бүкіл саналы ғұмырын спортқа арнады. Ауыр атлетикадан жеткен жетістіктері жетерлік. Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Қазақ ССР-нің бірнеше мəрте чемпио- ны, КСРО Қарулы күштерінің чемпио- ны, Бүкілодақтық жарыстар мен Куба жəне Чехословакияда өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы жəне ре- кордшысы, сондай-ақ, бірқатар əлемдік рекордтардың авторы. Жиырма алты жылын шəкірт тəрбиелеуге жұмсап, 5 спорт шебері мен көптеген чемпиондар баптап шығарды. Сондай ардагерлеріміздің бірі – Александр Кубрин. Ол да КСРО-ның спорт шебері, Қазақ ССР-нің чемпионы, Бүкілодақтық село ойындарының чемпионы. Бұлардың спортқа деген адалдығын, еңбегін айтып тауыса алмайсың. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі ауыр атле- тикадан қол жеткен жетістіктеріміз де баршылық. Сонау өтпелі кезеңде, тоқсаныншы жылдардың соңында об- лысымызда екі-ақ ауыр атлетші қалып, спорттың бұл түрі құлдырағаны есімізде. Спортшыларға жаттығатын жер болмай, жағдай жасалмай, əркім өз күнін қалай көремін деп əуре сарсаңға түсті, көбі сауда- саттықпен айналысып кетті. Бірақ, спортқа жаны ашитын жігіттер бас қосып, 1998 жылы Көкшетаудағы №19 орта мектептің сол кездегі директоры Марат Ыбыраевқа бардық. Мəн-жайды түсіндіріп, мектептің ескі жертөлесін жаттығу үшін алатын болдық. Əрине, ол жерді жөндеп, қалпына келтірсек те, салқын əрі сыз болатын. Сон- да да ауыр атлетикаға икемі бар шəкірттер тауып, алдап-сулап сол жертөлеге əкеліп, құлдырап кеткен спорт түрін қайта жаңғыртпақ болдық. Өз қаражатымызбен түрлі жарыстарға да барып жүрдік. Сол шəкірттердің ішінде кішкентай Мария да болған. Ол кезде ешкім оны Азия ойын- дары мен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болады деп ойлаған жоқ. Мария Грабовецкая үлкен спортқа деген алғашқы қадамын осы жертөледен бастады. Кейін 1999-2000 жылдары облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Ахметов біздерді шақырып, спорттың осы түрін жандандырмақ ниетте екенін білдірді. Ол кісі де спорттан қара жаяу емес, оның үстіне біздерді Кеңес үкіметі кезінен танитыны тағы бар. Ол уақытта облыс əкімі Сергей Кулагин. Əкім біздерге көп көмектесті. Қазіргі спорт мектебінің ғимаратын қала балан- сына ауыстырып, алып берді. Бүгінгі шəкірт тəрбиелеп отырған залға кірген мезетте осы жерден талай чемпиондар шығарамыз деп уəде берген болатынбыз. Уəдемізде тұрдық. 2008 жылғы Олимпиа- да ойындарының қола жүлдегері Мария Грабовецкая мен күміс жүлдегер Ирина Некрасова біздің шəкірттеріміз. Спорттан қол үзіп кеткен жігіттердің басын қайта құрап, осы жерде бапкер болуға шақырдық. Үгіттедік. Ақыры баяғы күшімізге қайта еніп, бүгін республикамыздағы ең үздік мектептердің бірі болып отырмыз. Қазір бізде екі мектептің шəкірттері жаттығады. Біреуі Қажымұқан атындағы №3 балалар мен жасөспірімдер мектебі болса, екіншісі жоғары спорт мектебі. Алғашқылары түске дейін жаттықса, соңғысы кешке жаттығады. Сонымен қатар, біздің базада ауыр атлетикадан ұлттық жастар құрамасы мен ерлер құрамасы да жаттығуларын өткізеді. Жақында ғана Илья Ильинмен сөйлескен болатынмын. Ол келесі айда келетіндігін айтты. Біздің мектептен халықаралық дəрежедегі спорт шеберлері Азия чемпио- ны, 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойын- дарына қатысқан Анна Нұрмұхамбетова, Азия чемпионатының жүлдегері Фаина Сиванбаева, Азия ойындарына қатысқан Ербол Мейрамов, əлем чемпионатының жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше мəрте чемпионы Екатерина Сто- ляренко жəне спорт шебері, жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері Жасұлан Қалиев сияқты болашағынан үміт күттіретін спортшылар шықты. Б і з д е м а м а н т а п ш ы л ы ғ ы б а р . Шəкірттерімізді мықты спортшы етіп қана тəрбиелемей, болашақта ұстаз болатындай бапкерлікке баулысақ дейміз. Дегенмен, олар мұнда келгісі келмейді. Себебі, жас бапкерге жұмысқа тұра салысымен 14 адамнан тұратын үш топ шəкірт жинау ке- рек. Таңертеңнен кешке дейін соларды бап- тау қажет. Сол үшін алатын еңбекақысы 50 мың теңгеден аспайды. Біздің талай мықты спортшылар еңбекақының аздығынан кетіп жатыр. Олар үшін бір тəулік жұмыс істеп, үш тəулік дем алатын күзетке барған тиімді. Жастар көп тұрақтамайды. Бізде бапкерді сырттан іздеу дерті бар. Біреудің қаңсығын таңсық қылып жүреміз. Ше- телден айына 8 мың доллар ақша төлеп бапкер жалдайды. Сол ақшаны əр облысқа бөліп, əр бапкерге 500 доллардан еңбекақы төлесе, ауыр атлетиканы дамытуға болар еді. Ал, ол бір күнде дамымайды. Уақыт, жағдай керек. Əрине, басында жаттығушы балалар көп болатыны заңды. Кейін іріктеліп, сұрыпталып мықтылары қалады. Ал, бапкерлердің арасында бəсекелестік деген бізде жоқ. Бəріміз ортақ мүдде үшін бары- мызды саламыз. Мынау менің шəкіртім, бұған жоламаңдар деген əңгіме болмай- ды. Тіпті, кейде өзіміз менің шəкіртіме қарай салшы, дұрыс жаттығып жатыр ма екен деп əріптестерімізге табыстайтын да кездеріміз болады. Себебі, бір бапкер бір шəкіртпен ұзақ уақыт жұмыс істей берсе, ол шəкіртінің кейбір кішкентай кемшіліктерін аңғармай қалуы мүмкін. Ал, ондай олқылық бірте-бірте түзетуге келмейтін үлкен қателіктерге алып барады. Соның алдын алу үшін осындай шараларға барамыз.

Мерген ТОҚСАНБАЙ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар