Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданы Мақаншы ауылында Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы аясында əнші, сазгер Əсет Найманбайұлы атындағы үшінші республикалық «Інжу-маржан» дəстүрлі əншілер байқауы өткізілді.

 Осы байқауда жерлесіміз Асқар Мұқият бас жүлдені жеңіп алды.

 

Шілде айының соңында өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жезтаңдай əншілер өнерлерін ортаға салды.
Байқау шарты бойынша қатысушылар Əсет әндерінен бір əн, халық композиторларының шығармаларынан екінші əн орындауға тиіс болатын. Оларға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шəкəрім, елімізге танымал өнер қайраткерлері Ерлан Рысқали, Берік Омаров, Əділ Тұрғанбаев, Гүлмира Темірбековалар төрелік етті.
Шығыс Қазақстан əкімдігі қолдауымен облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы ұйымдастырған бұл байқауға əр өңірден 20 шақты орындаушы барыпты. Солардың ішінен облысымыздың намысын қорғаған Шортанды ауданының тұрғыны Асқар Мұқият топ жарып, бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты.

Мерген ТОҚСАНБАЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар