Сенім биігінен көрінді

Бұланды ауданының Капи- тоновка ауылдық округіне қарасты «журавлевка – 1» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің пішеншілері шөп дайындау жоспарын мерзімінен бұрын орындады.

Ауа райының құбылмалылығына қарамастан, жіті қимылдап, күннің ашық сәтін тиімді пайдалана білген журавлевкалық пішеншілер шөп дайындау науқанын мерзімінен бұрын аяқтап, меже биігінен көріне білді. Қыстың қамын ертеден ойлаған шаруашылық еңбеккерлері бидайық, жасымық секілді көпжылдық шөп түрлерін еккен болатын. Биылғы жылғы молынан жауған жауын-шашынның арқасында алқаптардағы көк майса да қаулап өсіп, қараған адамның көз жауын алып, көңілін тасытардай бітік шықты. Серік Темірбеков жетекшілік ететін екінші бригаданың шөпшілері де мал азығын дайындау науқанына сақадай сай әзірленіп, алғашқы күндерден бастап-ақ қызу кіріскен болатын. Рамазан Жұманғожин, Вячеслав Авхутский, Николай Кирьянов, Юрий Корнус сынды жігіттер «КСУ» өзі жүретін агрегаттарымен шөп шабудың ерен үлгісін көрсетсе, Виктор Жгиров, Валентин Контузоров, Артем Тищенковтар шабылған шөпті жинаудағы күндік нормаларын 1,5-2 есе орындап, үздіктер қатарынан көрінді. К-701 тракторларымен мал қыстақтарына күніне 80-90 тонна шөп тасымалдаған Евгений Трайбер, Денис Эрбестердің де жұмысы мақтауға тұрарлық.
– Жігіттеріме ризамын. Ешқайсысы да уақытпен санаспай жұмыс істеп, ауа райының қолайлы сәттерін ұтымды пайдалана білді. Соның арқасында өзімізге қойылған міндеттемелерімізді асыра орындап, сенімді ақтай білдік, – дейді бригадир Серік Темірбеков.
Жалпы, серіктестік бойынша биылғы жылы 3500 тонна шөп дайындалып, тасымалданып алынды.  Алайда, журавлевкалық пішеншілер шөп шабу науқанын әлі де жалғастыруда. Ендігі мақсат – ауыл тұрғындарын, соның ішінде ең бірінші кезекте соғыс және еңбек ардагерлерін, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларын жемшөппен қамтамасыз етіп, олардың қыстан қысылмай шығуларына жағдай жасау.

Жанат СӘбИтоВ.
Суретте: №2 бригаданың бригадирі серік темірбеков, шөп тасымалдаушылар евгений трайбер мен денис Эрбест. суретті түсірген жайнарбек Заңдыбай.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар