Кеше облыс әкімі сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен кеңесте алдағы күндерге арналған жұмыс жоспары пысықталды.

 Ағымдағы мәселелер  қаралды

Өңірдің тыныс-тіршілігімен етене танысу үшін облыс әкімі  Аршалы және Ерейментау аудандарында жұмыс сапарымен болады. Кеңесте облыс әкімі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің облысқа келген жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берді. «Үкімет басшысы біздің өңірге келген сапары барысында біз өндіріс, әлеуметтік және ЩучинскБурабай курортты аймағын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтып, кейбір мәселелердің шешу жолдарын ұсындық. Енді осы мәселелер бойынша әрқайсысың өз құзыреттерің бойынша хат дайындап, өзекті мәселелерді тиянақты шешу үшін соңына дейін қадағалауларыңды тапсырамын», – деді облыс әкімі.
Облыс әкімі Целиноград ауданындағы жер мәселесіне де тоқталып өтті. «Жоғарыда айтылған жер мәселесіне қатысты жұмыстың қалай жүріп жатқанынан хабардар болу үшін апта сайын маған есеп берулеріңді тапсырамын», – деді өңір басшысы.  Сондай-ақ, Калачи мен Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіруге қатысты бірқатар міндеттер белгіленді. Бұл екі мәселе облыс әкімінің ұдайы назарында. Облыс  әкімі  бұдан  басқа  мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды уақытылы тапсыру қажеттігін айтып, облыс орталығын көгалдандыру жұмысына назар аударды. Сондай-ақ, аймақтағы әлеуметтік нысандардың 1-ші қыркүйекке дайындығы мен тамыз кеңесіне әзірлік жұмыстары пысықталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар