Кәсіпкер әйелдер тәжірибелерімен бөлісті

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жанындағы кəсіпкер əйелдер кеңесінің өкілдері  ауданға қарасты бірқатар елді мекендерді аралады.

Бұл сапардың негізгі мақсаты  əйелдер қауымын қолөнер саласында қолданылатын қазіргі күнгі технологиялармен таныстырып,  өз кəсібін дөңгелетемін деп ниеттенген азаматшаларға түрлі бағытта кеңес беру.
Олар алдымен Олжабай батыр ауылдық округіне барып, қолданбалы өнер орталығын ашуға  ынтасы бар  бірнеше əйелдермен кездесті. Жиын барысында кəсіпкер əйелдер кеңесінің өкілдері  өз тəжірибелерімен бөлісіп, кəсіпкерлікте жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін қандай жұмыстар атқару қажеттігі жөнінде əңгіме қозғады. Осы орайда, бөлшек сауда саласында  өз орнын тапқан кеңес төрайымы  Торғын Əлиева   кəсіпкерліктің бүгінгі даму  қарқынын баян етті. Сонымен бірге, ауыл ісмерлері Қанша Сатыбалды, Майнұр Тілеуберді меймандарға  өздерінің көркімен көз тартатын қолөнер бұйымдарын  көрсетіп,  жаңа идеяларын ортаға салды. Алайда, ауыл əкімдігі олардың  қолданбалы өнер орталығын ашу бастамасын қолдаса да, қаржы тапшылығына орай ойды жүзеге асыру мүмкін болмай отырғандығын жеткізді. Өз кезегінде, кəсіпкер əйелдер кеңесінің мүшелері көмек көрсетуге уəде берді.
Раушан НҰРҒАЗИНОВА.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар