ЕЛ ТІЛЕГІ – БЕЙБІТШІЛІК

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «Ақ орамал» республикалық  акциясы шеңберінде маңызды шара Көкшетау қаласындағы  5510 əскери бөлімшесінде өткізілді. Акцияның басты мақсаты – қазақстандықтарды шығу тегіне, олардың  діни, əлеуметтік басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру болып табылады.
Аталмыш шараны ұйымдастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы филиалының Аналар кеңесі мен  қалалық Достық үйі.  Жиынның ашылу салтанатында  алғашқы болып сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы  хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова осындай игі шара  бейбiтшiлiк пен татулықты дəрiптейтiнін айтса, Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова акцияның  «Ақ орамал» атану себептеріне тоқталды. Ол  ақ түстің тазалықты бейнелейтінін айта келіп, ел арасында дау-дамай орын алған жағдайда  əйел-ана басындағы орамалын шешкенде  талай қантөгістің алдын алғаны  жайлы жиналған қауымға əсерлі түрде əңгімелеп берді.
Зере Еспайқызы ақ орамалды  Ақтөбедегі  лаңкестік оқиға кезінде жарақат алған 6655 əскери бөлімінің қатардағы жауынгерлері ақмолалық Денис Чернышевтың  анасы Ирина Чернышеваға жəне Артем Авдеевтің  анасы Марина Авдееваға тағып, бата берді. Сондай-ақ, жиында Отан үшін ерлік жасаған батыр ұлдарды дүниеге əкелген аналарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар