Айдабол орта мектебіне – 80 жыл

Биыл Айдабол орта мектебіне 80 жыл толып отыр. Ел мерейін тасытып, мағыналы мерейтойы өтті.

Оған  мектепте алғаш ашылған жылдардан бастап, соңғы кезге дейін оқыған түлектері қатысты. Солардың ішінде өзім де болдым.  Мен Зеренді ауданына қарасты Қызылқайнар ауылында туып-өстім. Алғаш мектеп табалдырығын осы ауылдағы бастауыш мектепте аттап, содан кейін Айдаболдағы орта мектепте жалғастырдым. Айдабол ауылы бізден он бес шақырымдай жер. Соған жаяу, велосипедпен қатынап оқыдық. Кейінірек интернат ашылды. Айдабол орта мектебі ұйымдастырған мерейтойлық шараға жан-жақтан бұрынғы түлектер көп жиналды. Ұзақ жылдар көрмеген таныстарымды көріп, бір жасап қалғандай болдым. Бірге оқыған құрбықұрдастармен балалық, жастық шақты еске түсіріп, мəре-сəре болып қуанып қалдық. Бізді білім нəрімен сусындатқан Оразалы Нұрғожин, Зарап Жанайдаров, Есімбек Сейдахметов, Жанайдар Оспанов, Əмина Сейдахметова, Роза Молдабекова сияқты ұстаздарымыздың көбі  бүгінде арамызда жоқ. Сондай ұстаздардан тəлім алған құрбы-құрдастарымның бəрі қазір еліміздің əр аймағында тұрады. Олар шаруашылықтың түрлі салаларында жемісті жұмыс істеп, қазір зейнет демлысына шыққан. Ұстаз деген аса мəртебелі мамандық. Жас ұрпаққа білім беріп, болашағына жол ашатын мұғалімнің міндеті ауыр да жауапты. Айдабол орта мектебінің 80 жылдық мерейтойы шарасы барысында аға ұрпақ салған жолды жалғастырған бүгінгі мектеп мұғалімдеріне де сыйқұрмет көрсетілді. Осындай игі шараны ұйымдастырған мектеп директоры Р.Жүсіпова мен оқу-тəрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Жұмабаеваға айтар алғысымыз шексіз. Менің айтарым, мектеп бітірген жас түлектер, алтын ұяларыңды ешқашан ұмытпаңдар.

Ермек ҚАБИДЕНҚЫЗЫ.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар