Зор жауапкершілікті сезінеміз

30-ҚАДАМ. Жергілікті атқарушы органдарға жəне жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тəртіпті қорғау мəселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясының қызметкерлері по-
лиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан тарихында 2013 жылдың тамыз айында алғаш рет биліктің жергілікті органдары əкімдерінің сайлауы болып өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бізге жүктеген зор жауапкершілігін сезіне отырып, əрқайсымыз сайлауға қатыстық. Тəуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде еліміз дамудың асқаралы асуларынан өтті, жергілікті органдардың мүмкіндіктері күшейтілді,  ауылдық  округтер əкімдеріне қосымша өкілеттіктер берілді. Осының бəрі жергілікті маңыздағы түйінді мəселелерді шешу үшін зор мүмкіндіктерге жол ашады. Азаматтарымыздың əл-ауқаты мен игілігі, бейбітшілік пен тұрақтылық – біздің жұмысымыздың басты мақсаттары. Жалақының уақытында берілуі, тұрақты жұмыс пен тұрғын үй, балаларымызды өз ауылымыздың балабақшасы мен мектептерінде оқыту мүмкіндігі, мəдени демалыс, спортпен айналысу, сумен, отынмен жəне жемшөппен еш үздіксіз қамтамасыз ету, қылмыс деңгейі секілді факторлар адамның тұратын мекен-
жайын таңдауда, ауылды жерде тұра ма, əлде қала өмірін қалай ма, шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ, аталмыш фактор-
лар əлеуметтік жағдайға ықпал етеді. Сондықтан да, əр ауыл əкімінің жұмысы əлеуметтік шиеленісті ескертуге жəне жоюға, отансүйгіштікке тəрбиелеуге бағытталуы қажет.
Зареченский ауылдық округінде 1141 адам тұрады, экономикалық белсенді тұрғындар саны – 650 адам. Жалақы ай сайын беріліп тұрады. Жұмысымызды «Заречный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен тығыз қарым-қатынаста жүргізуге тырысамыз. Мемлекет басшысы белгілеп берген басымды бағыттардың бірі – мемлекеттік-жекеменшік əріптестік болып табылады. Аталмыш бағыт аясында  ауылдық  округке  қарасты барлық əлеуметтік нысандарда күрделі жөндеулер жүргізіліп, жаңа заманауи қондырғы орнатылды. Жүз орындық балабақшаның ашылуының арқасында аналарымыз жұмысқа шығып, өздерінің жанұялық бюджеттерін толықтыруға мүмкіндік алды. «Бəйтерек» стадионында ересектермен қатар мектеп оқушылары да спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанады. Ауылдық округ спортшылары «Ақбидай-2016» аудандық спартакиадасында бірінші орынды иеленіп, өз жеңістерін Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арнады. Ауылдық мəдениет үйі үздік мекеме ретінде облыстық сайыстарға қатысады, тəуелсіздікке арналған концерттік бағдарламаларымен көршілес ауылдар мен округтерге іссапарларға шығады.
Ұлт жоспарының отызыншы қадамын жүзеге  асыру  аясында  жергілікті атқарушы органдар мен қауымдастыққа есеп беретін полиция қызметі құрылған болатын. Жаңа заман ағымын ауылдық округ  əкімдері  бірден  сезіндік. Полицияның учаскелік инспекторлары тоқсан сайын тұрғындар алдында атқарылған жұмыстары жайлы есеп беріп, алдын алу шараларын өткізеді. Мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында оған жайлы пəтер, автокөлік, жеке кабинет пен қажетті техникалар бөлінді. Осы арада бір айта кетер мəселе, арақашықтықтары елу шақырымға дейін созылатын бес-алты елді мекенге бір ғана учаскелік инспектор. Сол себепті, олар өздеріне жүктелген міндеттерін уақытында орындауға үлгере бермейді.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуына байланысты жекелеген жиындар, қоғамдық кеңестердің мүшелерін сайлау өткізілгеннен кейін ауылдық округ  тұрғындары  жергілікті маңыздағы мəселелердің шешілуіне асқан жауапкершілікпен қарап, ауыл өміріне белсене араласатын болды. Салық жинау комитетіне келіп түсетін қаражаттардың пайдаланылуы мен толықтырылуы да қоғамдық жиналыс мүшелерінің жіті бақылауында. Алайда келіп түсетін қаражат аз болғандықтан, келелі əлеуметтік мəселелерді шешуге шамамыз келе бермейді. Ауылдық əкімдіктерде жастармен жұмыс, мəденибұқаралық жəне спорттық жұмыс жөніндегі мамандардың жетіспеушілігі толыққанды жұмыс істеуімізге жекелеген кедергілер келтіруде. Елді мекендер арасындағы жолдардың сапасыздығы да көңілді қынжылтады. Сөз соңында айтарым ауылдық округтер əкімдерінің артында жүздеген, мыңдаған адамдардың тағдыры тұр. Сондықтан да, олардың игілігі, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін бəріміз бірлесе жұмыс істесек, зор жетістіктерге қол жеткіземіз.
Наталья МИЛЮК,
Зареченский ауылдық округінің əкімі.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар