Қайырымдылық акциясы өткізілді

Облыстық іскер əйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өткізіліп, «Əйелдер – машина рөлінде» автокеруені Зеренді, Сандықтау жəне Атбасар аудандарында болды.
Акция аясында киім-кешек, аяқ киімдер, мектеп құралдары мен тұрмыстық заттар тиелген жүк машиналарының рөліне отырған аналар жоғарыда аталған аудандарда болып, аз қамтылған жəне көпбалалы отбасыларға, мүгедектер мен жалғызілікті зейнеткерлерге апарған заттарын үлестірді. Əр ауданда қайырымдылық керуені көмек қажет ететін отбасылармен кездесулер өткізіп, тұрғындардың тілектерін тыңдады.
Жалпы, қайырымдылық акциясы барысында өнеркəсіп тауарларының 348 түрі үлестіріліп, күнделікті тұтынылатын азық-түліктер мен тəттілер таратылды. Облыстық іскер əйелдер қауымдастығы аз қамтылған отбасылардың тұрғындарына көмек қолын созған қайырымды жандар мен облыстық мекемелерге аналық ақ алғыстарын білдірді. Атап айтар болсақ, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, «Номад», Рио», «Моя семья» сауда үйлері, «Сбербанк-Көкшетау» АҚ филиалы, «ОВПП Мерей», «Мукот» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, Əбетовтар мен Хамзиндердің отбасылары, Юлия Мороз, Көкшетау қаласы мен Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандарының кəсіпкерлері жəне тағы басқалары бар.
Шара соңында Атбасар қаласында «Заманауи ауыл əйелі» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, оған қауымдастық мүшелері, мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар