Жас көшбасшылар бас қосты

Кеше Халықаралық жастар күніне орай, облыс орталығы Көкшетау қаласында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен автошеру өткізілді.

Оған облысымыздың намысын түрлі дүбірлі жарыстарда қорғап жүрген Дина Жоламан, Зарина Цолоева, Илья Ильин сияқты жас спортшылар қатысты.
Осы күні «Нұр Отан» партиясы облыстық   филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржановтың қатысуымен жас көшбасшылардың дөңгелек үстел басындағы кездесуі өтті. 44 мыңдай мүшесі бар облыстағы ірі саяси топ болып табылатын «Нұр Отан» партиясының құрамында жастар аз емес. Жергілікті мәслихат депутаттарының арасында да жастар жетерлік. Мұның өзі жастардың қоғамдағы рөлі мен тигізіп отырған ықпалын көрсетсе керек. Еркін пікір алысу түрінде өткен кездесу барысында жас көшбасшылар өз салалары бойынша қол жеткен жетістіктері мен мақсат-мұраттары жайында әңгімеледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар