Берекелі жұмыстың берері мол

Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Егіндікөл және Қорғалжын аудандарында болып қайтты.

Өңір басшысы Егіндікөл ауданындағы «Жер өнімдері», «Ушакова агро» және «Шаңдыкөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің егін алқаптарын аралап көріп, диқандармен пікір алмасты.
Қорғалжын ауданында алдымен құрылыс алаңдарында болды. Қазір осындағы Сабынды ауылында жылына он тонна өнім дайындауға қуаты жететін жаңа жылыжай салынуда. Шаруа қожалығының басшысы Темірхан Қонақбаевтың айтуына қарағанда жылыжайда қияр мен қызанақ өсірілмек. Экологиялық жағынан таза өнім Астананың тұтынушыларына жеткізілетін болады. Қазіргі күні электр қуаты және сумен қамтамасыз етілген. Жалпы көлемі 1,8 гектар жерді қамтитын поликарбонаттан жасалған 8 жылыжай салынады. Жобаның жалпы құны 305 миллион теңгені құрап отыр. Құрылыс алаңында болған облыс әкімі Астана халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін дәл осындай жобалардың қажет екендігі туралы айтып өтті. Әрі осындай бағалы бастамаларды құптап қолдайтындығын да жеткізді. Сөз арасында облыс шаруашылықтары астаналық тұтынушыларды жұмыртқа, ұн және картоппен жүз пайыз қамтып отырғандығын айта кеткеніміз жөн. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасын табуда.
Облыс әкімі Сергей Кулагин Жантеке ауылындағы мектепке дейінгі мекеменің құрылыс жұмысымен таныс-ты. Бұл балабақша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша салынуда. Қазіргі күні Қызылту орта мектебінің жанындағы шағын орталықта 60 бала тәлім алуда. Балабақшаның құрылысы аяқталғаннан кейін шағын орталықтағы балалар 80 орындық жаңа тәрбие ошағына ауысатын болады. Аталмыш жобаның жалпы құны 107 миллион теңгені құрайды. Өңір басшысы құрылыс алаңында болған кезінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі шеңберінде аймақта ондаған жобалардың жүзеге асырылғандығын айтып өтті. Бұл балабақша біріншіден мектепке дейінгі мекемелердегі орынның жетіспеушілігіне қарсы іс-қимыл, екіншіден, ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын ашып, бизнестің дамуына септігін тигізеді деп атап өтті.
Осы күні өңір басшысы «Ақмола су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында болып, аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды. Қазір мұнда 15 скважинаның жетеуі жұмыс істеп тұр. Облыс әкімінің тапсырмасына орай екі жылдың ішінде 4 скважинаға жөндеу жұмыстары жасалғандығы туралы айта кетуіміз керек. Соның нәтижесінде Қорғалжын және Егіндікөл аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету шешімін тауып отыр. Қазір екі ауданның тұрғындары тәулік бойы сумен қамтамасыз етілген. Қорғалжын ауданында облыс әкімі «АФ Жер-888» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістік алқаптарында болды. Шаруашылық биылғы жылы 5500 гектар жерге дәнді дақылдар егіп отыр. Өңір басшысы егістік алқаптарын аралап көріп, егіннің бітік өскендігін және сапасының жақсы екендігін атап айтты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар