Өңірде туризмнің әлеуеті зор

Облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырхановтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасында айтылған 5 институцио-налды реформалары аясында туризмнің дамуы барысына және өңірдегі туризмді дамыту бағытында қолға алынған шаралар туралы сөз болды.

Оның айтуынша, бүгінгі күні Ақмола облысында туристік қызметті ұсынатындар негізінен шипажай-сауықтыру орындары, ұлттық парк және туристік фирмалар болып отыр. Мәселен, облыс бойынша туризм саласында барлығы 785 кәсіпорын болса, оның 294 шипажай-курортты және қонақ үй кешендері, 420-сы жол бойындағы сервистік қызмет көрсету және 65 туристік фирмалар жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» және Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО-ның табиғи мұралар тізіміне еніп отыр. Жалпы, өңірде туризмді дамытуға Щучинск-Бурабай курортты аймағының құрылуы зор серпін берді деуге болады.
Солардың арасында Қазақстан Респуб-ликасы Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінің тапсырмасымен қолға алынған бес жұлдызды «Burabay Lakes Resort Hotel» туристік қонақ үй кешені, «Оқжетпес» шипажайы, «Көкшетау» парк отелі және Қазақстан Лапландиясы тәрізді туристік нысандар бүгінгі күні еліміздегі демалу индустриясының көшбасшысы ретінде кеңінен танылып, мақтанышына айналып отыр.  Осы бағдарлама қолға алынғалы бері барлығы 90 туристік инфрақұрылым нысандары қалпына келтіріліп, 1 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Осының арқасында аймаққа демалуға келетін туристердің де саны артып,  1 миллион адамды құраған. Қазіргі уақытта өңірде қысқы, жазғы және экологиялық  туризмді дамыту үшін автокөлік жолдарына жөндеу мен жаңарту жұмыстары жүргізілуде,  инженерлік коммуникациялар жаңартылып, экологиялық проблемалар шешімін табуда.
Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі де облыстың туристік әлеуетін одан сайын арттырып отырған жайы бар.  Аталған көрме аясында Целиноград, Қорғалжын және Аршалы аудандарында этноауылдар құрылып, шетелдіктерге туристік қызмет ұсынатын болады.
Жалпы, Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытудың екінші кезеңі бойынша 2014-2016 жылдарға республикалық бюджеттен 6,6 миллиард теңге қаржы бөлінсе, осы күні оның 6,1 миллиард теңгесі немесе 92 пайызы игерілген. Бұл қаржының 2,9 миллиард теңгесіне 35 іс-шара өткізілді. Сондай-ақ, «Астана-Щучинск» күре жолының 266 шақырымында Щучинск қаласына кіреберіс жол қалпына келтірілді. Щучинск қаласы мен Бурабай кентіндегі ұзындығы 95  шақырым 5 жол учаскесі жөнделді. Аудандық ішкі істер басқармасы полицияның учаскелік пункті ретінде 7 пәтер сатып алынды. Оған қоса, Щучинск қаласы мен Зеленый бор және Қатаркөл ауылдарында коммуналдық нысандар құрылысы мен жолдарды қалпына келтіру бо-йынша 9 жобалық-сметалық негіздеме, техникалық экономикалық негіздеме жасалынды. Төтенше жағдайлар  нысанын салу, жер мәселесі және туризмді дамыту бойынша 14 ұсыныс енгізілген.
Сонымен қатар, басқарма басшысы қазіргі уақытта Қазақстанда «Щучинск-Бурабай» курорттық аумағы су қоймаларын (Щучинск, Бурабай, Қарасу) тазарту және оңалту» жобасы іске асырылып жатқанын атап өтті. Жобаның басты мақсаты – «Бурабай» мемлекеттік табиғи паркіндегі Бурабай, Қарасу және Щучинск көлдерінің ұзақ мерзімді пайдалануға мүмкіндік беру үшін су қоймаларын тазарту болып табылады. Аталған жобада меxаникалық, биологиялық тазарту және оңалту (оның алда ластануына жол бермеу) жұмыстарын атқару көзделген.
– Щучинск пен Бурабай көлдерін неміс теxнологиясымен меxаникалық тазарту бойынша тәжірибелік-экспериментальді жұмыстар атқарылды. Қарасу көлінде биыл мамыр айында тазарту және оны батпақтан арылту жұмыстары жалғасын тапты,– деп сөзін қорытындылады Шынарбек Батырханов.
Баспасөз мәслихаты барысында журналистер басқарма басшысынан туристік қызметтің сапасын жақсарту бағытындағы шаралар мен Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытудың үшінші кезеңінде жүзеге асырылатын жобалар туралы сұрап білді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар