Кінәлілер жазаға тартылады

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Сәденов «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдауға барлығы 5 адам жазылған.

Қабылдауға келген азаматтардың өтініш-тілектері толыққанды әрі жан-жақты қарастырылуы үшін жеке қабылдауға тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Евгений Каппель, қауіпсіздік қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ержан Байтұрсынов және Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Амангелді Нұржанов қатысты.
Азаматтарды қабылдау барысында Ержан Сапарбекұлына өтінішпен келген облыс орталығының тұрғыны Ольга Проскурина үстіміздегі жылғы маусым айында 22 жасар қызы түнгі клубтардың бірінде болған кезінде дене жарақатын алғандығын, алайда, кінәлі тұлғалар әлі ешқандай жауапкершілікке тартылмағандығын айтты. Ведомоство басшысы аталмыш қылмыстық істі өзі тікелей қадағалайтындығын, егер тергеушілер қызметтік міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда, кінәлілер қатаң тәртіптік жазаға тартылатындығын айтып, уәде берді.
– Жеке қабылдау – жекелеген азаматтардың білікті құқықтық көмек алуға деген үміті, сенімі. Полицияға арыз айта отырып, адамдар оның толық әрі жан-жақты қаралуына, кінәлілердің жауапкершілікке тартылатындығына үміттенеді. Біз әр шағымды мұқият тексеруге тиістіміз. Бірде-бір өтініш не шағым қараусыз қалмауы керек деді, – департамент басшысы Ержан Сәденов.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар