Мемлекеттік қызметкер болу – үлкен абырой

Елбасы ұсынған бес институционалдық реформаның ішіндегі ең күрделісі – жаңа мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып саналады. Сондықтан да, реформалардың тез әрі тиімді шешілуі мемлекеттік қызметкерлерге байланысты.

Ардагерлер кеңесі, аға буын өкілдері өздерінің бай тәжірибелерін жастарға үйретіп, тәлім-тәрбие беріп отырады. Өйткені, жастар, қазіргі мемлекеттік қызметкерлер, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына тікелей жауапты. Мен ардагерлер кеңесінің атынан және облыстық Әдеп кеңесінің мүшесі ретінде, жас мемлекеттік қызметкерлердің әдепті болып, мемлекеттік қызмет туралы заңды орындай отыра, өз міндеттерін абыройлы атқарып жүруіне үгіт-насихат жүргізіп, атсалысып жүрмін.
Жаңа Әдеп кеңесінің ережесі бойынша Қуаныш Жапақов басқарған облыстық  кеңес отырысында мемлекеттік атқарушы органдардың халыққа қызмет жасауын талқылап, тыңдап, қызметтік әдеп нормаларын бұзған, теріс қылықтарға жол берген мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік істерін қарап отырады. Атап айтар болсақ, сәуір айындағы кезекті отырыста облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Жақсы ауданы әкімінің атқарған жұмыстары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды. Әдеп кеңесінің мүшелері аталмыш мекемелердің жетістіктерін айтып, кемшіліктеріне де тоқталды.  
Қарттарды қуантатыны, облыстық денсаулық сақтау басқармасы кейінгі кезде герантология мәселесін көтеріп, аға буын өкілдерінің, яғни, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің денсаулығына көп көңіл бөлінуде. Осы мәселелер жөнінде облыстық ардагерлер кеңесі Астрахан, Жақсы, Сандықтау аудандарында өзінің көшпелі отырыстарын өткізіп, аталмыш аудандардың бұл бағыттағы жұмыстарына оң баға берді. Сонымен қатар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының тарапына сындар да айтылды.
Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік басшылық қызметтер атқарып, зейнеткерлікке шыққан ардагерлеріміз Марат Құлмағамбетов, Ғосман Төлеғұл, Петр Щерба, Қайролла Ескендіров, Мейрам Ғибәділов, Сапарғали Асылбековтер жастар арасында жиі болып, ақыл-кеңестерін айтып тұрады.
Мемлекеттік қызметкерлер тарапынан әдеп нормаларының бұзушылығын болдырмау мақсатында Әдеп кеңесі шілде айындағы көшпелі отырысын Зеренді ауданында өткізіп, оған аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Аталмыш шарада бес мемлекеттік қызметкердің тәртіптік істері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Аға буын өкілдерінің алдында тұрған келелі міндеттердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға қатысып, өз үлестерін қосу. Бұл бағытта да облыстық ардагерлер кеңесі мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы арасында меморандум жасалып, ардагерлер мәселелеріне қатысты көптеген игілікті шаралар атқарылуда.

Мағауия РАХЫМБЕРГЕНОВ,
облыстық ардагерлер кеңесі мен Әдеп кеңесінің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар