Подполковник атылып қалды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, ІІД қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, подполковник Ерлан Назымбеков өз үйінде атылып қалған.

Оның мұндай суицидке баруына кім итермеледі деген сауалға жарытып ешкім жауап бере алмай отыр. Қашанда жайдары жүретін подполковниктің өзіне-өзі қол жұмсауы да күдік ұялатады. Сонда оны бұған біреу-міреу мәжбүрледі ме екен?
Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің қаржы жүйесін көп жылдардан бері басқарып келген Ерлан Назымбековтың жүйкесі сыр береді дегенге де сену қиын. Оның бақилыққа аттанғанына қайғырған әріптестері табелді қаруы абайсызда атылып кетіп, жазатайым мерт болуы мүмкін дегенді де жоққа шығармайды.
Қалай болғанда да, подполковник Е.Назымбековтың өлімі  жұмбақ күйінде қалып отыр. Өзі-өзіне қол салды ма, өзге өлтірді ме, оның анық-қанығын алдағы уақытта білетін боламыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар