Шетелден қосалқы бөлшектер күтудеміз

Биылғы жылы 15 мың 180 гектар алқапқа дәнді және майлы дақылдар ектік. Егін бітік өсті. Тамыз айында ыстық болса, далалы жердің астығы тез піседі.
Гектарынан  14-15 центнер өнім аламыз ба деп үміттеніп отырмыз.

Біздің егіс алқаптары Бірсуат, Баймырза және Заурал ауылдық округтерінің аумағында орналасқан. Қазір шөп науқанымен бірге орақ науқанына дайындалып жатырмыз. Комбайндар және қажетті техникаларды жөндеумен айналысудамыз. Техниканың 70 пайызы жөнделді. Канадалық он «Челенжер» комбайны бар. Оның қосалқы бөлшектерін шетелден алдырамыз. Ремень, подшипник және жатканың тетіктері жуыр арада келуі тиіс. «Челенжер» комбайнының қосалқы бөлшектеріне алдын ала тапсырыс беру қажет. Қырмандар мен астық алаңдары тазаланды. Баймырза ауылының қырманында электрондық таразы мен астық сақтайтын қоймалар бар. Машина-трактор шеберханасына күрделі жөндеу жүргізудеміз. Барлық жерге бейне бақылау камералары орнатылған.
– Биылғы жылы серіктестіктің инвесторы ауысты. Олар шетелдік он комбайн сатып аламыз деп отыр. Тыңайған жерлерді көтереміз. Серіктестіктің орталығы – Бірсуат ауылында шаруашылықтың асханасы жұмыс істейді. Мұнда еңбеккерлерімізді тамақтандырамыз. Асханаға күрделі жөндеу жұмысын жүргіздік. Серіктестіктің қоғамдық моншасы тұрғындардың бәріне қызмет көрсетеді. Күзгі орақ бар жұмыстың нәтижесі. Сондықтан, жауапты кезеңге мұқият дайындалу парыз. Біздің қарым-қуатымыздың сыншысы. Дайындық қызу, талап күшті.

Самат БОЛАТОВ,
«Баймырза-Агро» серіктестігі
директорының орынбасары.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар