Жастар G-Globalды қолдайды

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар G-Globalды қолдайды» атты жастар ұйымдарының слеті өткізілді.

 

Көшбасшы жастарды елімізде қалыптасқан экологиялық ахуалмен  және «жасыл экономика»  ұғымы жайында хабардар етуге бағытталған шараны «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының төрайымы Жанаргүл Жүнісова ашып, жүргізіп отырды.
Слетке қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тәуелсіз сарапшы, халықаралық экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылыми академиясының мүше корреспонденті, Қазақстан Республикасы экологиялық кодексін әзірлеушілердің бірі Александр Брагин, экология және құқық саласының халықаралық сарапшысы Александр Мирошниченко және  «Kazakhstan Innоvation» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәриям Әбішева қатысты. Жиын барысында сарапшылар   еліміздегі экологиялық проблемаларды шешу жолдары туралы   әңгіме қозғап, жастарды  далада қоқыс тастамауға шақырды. Олардың сөзіне жүгінсек, қазіргі күні  экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында  көптеген шаралар қолға алынуда. Әр мемлекет ғылыми зерттеулер жүргізіп, қоршаған ортаны оңтайлы  пайдалануға әрекет етуде. Өз кезегінде Мәриям Әбішева  халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне облысымыздан баратын еріктілерді дайындау үдерісін баян етті. Әлбетте, бұл жауапты шарада шетелден келген қонақтарға бағыт-бағдар беріп көмектесетін еріктілердің кәсіби деңгейі жоғары болуы тиіс. Осы ретте, хабарламашы оларға қойылатын негізгі талаптар жайында әңгіме өрбітті.
Көшбасшы жастар баяндамашыларды ұйып тыңдап, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Мәселен, «Ділмар» дебат клубының президенті  Равиль Загайдулин Қазақстандағы ауаның лас-тануы, сонымен бірге, түйткілді экологиялық проблемаларға байланысты сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды. Слет естелік суретке түсу рәсімімен тәмамдалды.

Ырысгүл АШУОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар