Өзгеге өмір сыйлаған

«Нұр Отан» партиясының «Алтын ел» бастауыш партия ұйымы облыстық қан тапсыру орталығында өткізілген «Бір тамшы қан – құтқарылған өмір» акциясына бірінші рет қатысты.

  «Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «сыйлау» деген ұғымды білдіреді. Көптеген донорлар өздері денсаулық пен өмір сыйлаған адамдарды көре де алмайды, олар жайлы білмейді де. Қан құюды қажет ететін көптеген адамдардың сол сәтте жанында не туыстары, не жолдастары, не үміті болмайды, сондықтан да, бұл науқастар үшін донор дегеніміз  – өмірдің өзі.
Донорлықтың пайдалы екендігін, қан тапсырған адамдардың денсаулығы жақсарып, организмі жасаратындығын, жүрек-тамыр ауруларының азаятындығын, иммундік жүйенің нығаятындығын, асқазан-ішек құрылысы мен басқа да органдардың үздіксіз жұмыс істейтіндігін медицина қызметкерлері әлдеқашан-ақ дәлелдеп берген. Өте қажет адамға қан тапсырушы біреудің өмірін құтқарып жатқандығын әрдайым сезеді.
«Алтын ел» бастауыш партия ұйымында әлеуметтік бағыттағы көптеген игілікті істер атқарылуда, атап айтар болсақ, геодезия саласының зейнеткерлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіп, «Балаларды мектепке дайындаймыз», «Балаға кітап сыйла» атты акцияларына қатысуда.
Жақсылық жасап, басқаларға өмір сыйлау – әркімнің азаматтық борышы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар