Бейбітшілік – басты мақсатымыз

Орталық қалалық кітапханада Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай «Ақ орамал» акциясының аясында «Дегелеңдегі жарылыс» атты іс-шара болып өтті.

  Бұл шараның мақсаты қатысушыларға полигонда болған жарылыстар мен апаттардан көріністер көрсету арқылы адамзатқа төніп тұрған ғаламдық, экологиялық проблемаларды түсіндіру, жер бетінде бейбітшілікті сақтауға  шақыру. Осы орайда, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өткізіліп жатқан «Ақ орамал» республикалық акциясының да мақсат-міндеттері түсіндіріліп, Семей полигонының тарихы жайлы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, іс-шарада жиналған қауымға «Невада – Семей», «Жарылыстан кейін өмір бар ма?» атты бейнефильмдер көрсетіліп, кітап көрмесі ұсынылды.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар