Бәрімізге өнеге

«Тығырықтан жол тапқан» фильмі менің ойымша ең керемет, тағылымы мол өнер туындысы.

Киноэпопеяның өсіп келе жатқан жастарға берер өнегелік ғибраты мол және де олардың «Отаным» деп ұлтжанды ұрпақ ретінде өсуіне үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Ел басшысының саясатта бастаған алғашқы қадамдарының қаншалықты батыл болғанын, жастығына қарамастан болашақты болжауын, елінің қамын өз басының мүддесінен жоғары қойған  нағыз азаматтық болмысын байқауға болады. Тек шыныққан әрі тығырыққа тірелген кезде жол таба білетін адам ғана осындай үлкен де биік белес-тен көріне алады. Сондықтан, бұл фильм барша  қазақстандықтарға үлгі-өнеге болатындығына кәміл сенемін.
Мұратбек Исадилов,
облыс прокуроры.

Сүйіспеншілігімізді арттыра түседі

Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде Қазақстан ғана тұтастай бір ұлттың мақтанышына айналған Көшбасшысы туралы фильм түсіруді қолға алып отыр.

Мен бұл фильм арқылы бұрын жете білетіндей көрінген Мемлекет басшысын жаңа қырынан таныдым. Оның ел, жер, Отан, ана деген құндылықтарды бәрінен жоғары қойып, солардың игілігі жолында халыққа қалтықсыз қызмет етуі маған қатты әсер етті.  Әйгілі шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің «Мемлекетті қайырымды адам басқарса, ол қайырымды мемлекет болады» деген сөзі дәл біздің Көшбасшымызға қарата айтылған сияқты.  Оның ел халқына қамқорлығы Президентке деген халық сенімі мен сүйіспеншілігін арттыра түседі.
Биік белестерді тек «көкелердің» көмегімен ғана бағындыруға болады деп ойлайтын бүгінгі жастарды  қарапайым металлургтен елдің бірінші басшысы деңгейіне жеткен азаматтың фильмде бейнеленген ғұмырнамасы бей-жай қалдырмас. Себебі, қатардағы қара жұмысшы болған адамның қалай бүтін бір ұлттың Көшбасшысына айналғандығы көпті қызықтырады.
Киноны көрген жастардың бойында кез-келген  тығырықтан жол та-уып шығуға болады деген көзқарастың қалыптасатындығына сенімім мол. «Қалауын тапса, қар жанар» демекші, шешілмейтін мәселе жоқ. Тек сол кедергілерді жеңуде жігердің мұқалмауы маңызды. Бұл тұрғыдан алғанда біздің бой түзер тұлғамыз бар. Ол – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Елімізді талай-талай асқаралы асулардан  алып өткен Көшбасшымыз − бүгінгі жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың таптырмас эталоны.  Бәріміздің басқарушы болып кетуіміз шарт емес. Десек те, Президенттің бойындағы осындай қасиеттерді қабылдап алудың артықтық етпесі анық. Сондықтан да, мен жастарға, өз замандастарыма  болмасақ та, ұқсап бағайық демекпін.
Әсел АСҚАРОВА,
Көкшетау қаласындағы №16 орта мектептің тарих пәні мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар