Қасірет орын алмасын

Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына  орай республика бойынша өткізіліп жатқан «Ақ орамал» акциясы аясында Қорғалжын ауданының орталығында бірқатар іс-шаралар болып өтті.

– «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізуге барша ел азаматтарын тартудағы мақсатымыз – бейбітшілікті, адамгершілікті, Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихта орын алған қайғы-қасіреттің зардаптарын жас ұрпаққа ұғындыру, ел мен жерге деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады, –дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Динара Иманбекова.
Акция барысында көпбалалы аналар мен жас отбасылар, аудандық іскер әйелдер клубының мүшелері орталықтағы Болғанбаев көшесінің бойымен жүріп өтіп, ондағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне ақ орамал мен гүл шоқтарын қойды. Одан әрі «Балауса» балабақшасында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің ата-аналарына арналған тарихи танымдық жиын болып, Семей ядролық полигоны жайында әңгімеленді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар