Ел мол егіннен үмітті

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Зеренді ауданында болып, жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарының егістік алқаптарын аралап көрді.

Облыс басшысы «Химик», «Қазэкспо» және «Сенім жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің танап басында болды. Шаруашылықтардың басшыларымен кездескен облыс әкімі күзгі егін орағына дайындық жұмыстарын пысықтап, науқанды ойдағыдай өткізуге сәттілік тіледі.
Жалпы, биылғы жылы Зеренді ауданының диқандары 181 602,3 гектарға дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын сепкен. Оның ішінде 50 905,1 гектары майлы дақылдар, 1 687,6 гектары картоп, 382 гектары көкөніс және 13 476 гектары мал азығын құрайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар