Төлқұжат табыс етілді

Ата Заң мерекесінің қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында мерекелік іс-шара өткізілді.     

 

Шараның мақсаты – жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді  сіңіру. Жиында Көкшетау қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы филиалының реттік зал басшысының орынбасары Лаура Бекболатова бір топ жастарға азаматтық төлқұжаттарын табыстап, жастардың  еліміздің қалаулы азаматтары мен азаматшалары болатындарына сенім  білдірді.
Содан соң,  «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова мен дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлмира Мәдиева куәлік алушыларды құттықтап, бәріміздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының гүлденуіне атсалысыңдар деген тілектерін айтты. Ал, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Кенжебай Мұқышев  еліміздің болашағы – жастардың қолында екенін тілге тиек етіп,  жастардың  мұражайда төлқұжат алып жатқанын жақсылыққа жорыды.
Шара соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар