Мерекелік тарту

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі құрметіне облыс әкімі Сергей Кулагин  Көкшетаудағы Абылай хан алаңында құқық қорғау органдары мен ауылдық округтердің  әкімдеріне салтанатты түрде жаңа автокөліктердің кілттерін табыс етті.

Тәуелсіздік күні мерекесінің осындай игі шарадан бастау алып отырғаны жақсы ырым.  Бұл күні 33 автокөлік, соның ішінде ішкі істер департаментіне – 12, облыстық сотқа – 5,  облыстық прокуратураға – 3, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне – 2, ауылдық округ әкімдеріне 11 автокөлік табыс етілді. Облыс әкімі Сергей Кулагин салтанатты шарада құттықтау  сөз сөйледі. 
– Бүгін ерекше күн. Жаңа қызмет көлігіне ие болу үлкен оқиға, асқан қуаныш. Сіздердің  қат-қабат жұмыстарыңызды автокөліксіз елестету мүмкін емес. Сондықтан, құқық қорғау органдары мен ауылдық округ әкімдіктерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында  мемлекет тарапынан барынша қамқорлық көрсетіліп отыр. Мұны Елбасының Сіздерге арнаған үлкен марапаты деп  қабылдаңыздар, – деді өңір басшысы өз сөзінде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар