Жаңа жылдық шырша шамдары жағылды

Өткен бейсенбі күні кешкісін облыс әкімі Сергей Кулагин Тәуелсіздік алаңында орнатылған жаңа жылдық шырша шамдарын жағу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.

Қыстың қытымыр мінезіне қарамастан, бұл шараға қала тұрғындары, студенттер мен мектеп оқушылары көптеп жиналды. Жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі дәстүр бойынша Аяз ата мен Ақшақардың, ертегі кейіпкерлері және кішкентай бүлдіршіндердің қатысуымен өтті.
Шара барысында облыс әкімі Сергей Кулагин сөз сөйлеп, жиналғандарды алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады және биылғы жылды табысты аяқтап, Жаңа жылда жаңа жақсылықтарға жетулеріне тілектестігін білдірді.
Бұдан соң шырша шамдары жағылып,  алаңда әсем әндер қалықтап,  түрлі билер орындалды. Аспанға атылған түрлі-түсті отшашулар да мерекелік думанның көрігін қыздыра түсті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар