Бастауыш ұйымдарға белсенділік қажет

Аталмыш шараға аудандық партия филиалының төрағасы Қанат Рахметов, аймақтық партиялық ұйымының саяси кеңесінің мүшесі,  облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Қанат Қарауылов пен  партияның 64 өкілі қатысты.

Жиында  партияның аудандық филиалының өткен мерзімде атқарған жұмысы жайлы партия төрағасының бірінші орынбасары Әнел Ерденова  баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінде ауданда 27 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Аудан бо-йынша партия мүшелерінің дені партия билеттерін ауыстырған көрінеді. Жалпы алғанда, Заречен және Красивинский селолық округының  бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарын ерекше атап өтуге болады. Жаныспай селолық округындағы партия төрағалары да белсенділік танытып отыр. Жиында ауылдық жерлердегі партия ұйымдарының жұмыстарын ширатуға көңіл бөлу қажеттігі де сөз болды.
Шара соңында «Нұр Отан»  партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан бірқатар нұротандықтар  Алғыс хаттармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар