Маңызды мәселе сөз болды

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында   «Айқын тариф» жобасы  жөнінде қоғамдық отырыс өтті.

Шараны «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Еркебұлан Балбергенов ашып, жиналған қауымға «Айқын тариф» жобасын түсіндірді.  Сондай-ақ, шара барысында   осы жоба бойынша коммуналдық қызмет тарифтерін белгілеу мен  табиғи монополияны  реттеу мәселелері сөз болды. Аталмыш шара тарифтерді  өзгерту себептері, олардың мөлшері туралы  тұрғындармен пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылғаны айтылды.
Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Ербол Есіркепов жиналған қауымға  департаменттің атқарған жұмыстарын айта келіп,  тұтынушылардың құқығын қорғау және тарифтердің негізсіз өспеуі үнемі назарда ұсталатынын  баяндады. Жалпы, облыста 68 табиғи монополиялар субъектісі бар.  Оларға жыл сайын тиісті бақылау жүргізіледі.
Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап «Көкшетау су арнасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында тұтынушылар үшін су бағасы 5,09 пайыз  төмендеді.  Тұрғындар енді оның әр текше метрі  үшін 74,74 теңгенің орнына 70,93 теңге төлейтін болады. Ал, бюджеттік мекемелер  жылу қуатының әр текше метрі үшін 126,22 теңге төлейді. Бүгінгі таңда коммуналдық мекемелердің барлығында 2020 жылға дейінгі тариф жүйесі белгіленген. Жылу тарифі 2016 және 2017 жылдары өзгеріссіз қалады.  Шара соңында  қала тұрғындары мамандарға тарифтер бойынша  өздерінің толғандырған сауалдарын қойды.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар