Қаржы қол байлайды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында «Бизнестің жол картасы – 2020»  республикалық акциясына байланысты өткізілген мәжілісте шағын және орта кәсіпкерліктің тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды.

Аталмыш акцияға өз кәсібін ашқысы келетін тұрғындар қатысып, мамандардан кеңес алды. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының  бөлім басшысы Сандуғаш Алшынбаева  мен   облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кеңесшісі Құндыз Бекмағамбетова жиналған қауымға  осы тұрғыдағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, бизнестегі кездесетін басты кедергілерден мағлұмат берді.   
Акция барысында қазіргі таңда ең алдымен кәсіпкерлер үшін  қаржы мәселесі қиындық туғызып отырғаны айтылды.  Барлық өркениетті елдерде  шағын бизнес ел экономикасының тірегі болып табылады. Мұндайда тиісті орындардан қаржылай көмек басты назарда болуы тиіс.  Қаржы дағдарысына байланысты  шағын бизнеске  көмектесу ел экономикасына  көмек екенін ұмытпау қажет.  Дәл осы тетік  қазіргідей әлемдік дағдарыс кезінде елдегі жұмыссыздық мәселесін азайтуға септігін тигізетіні де сөз болмай қалған жоқ. Сондай-ақ,  жиынға қатысушылар шағын және орта бизнеске несие  ресімдеудің жолдары әлі де толық шешімін таппай отырғандығына тиісті орындардың назарын аударды.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар