Сыр тұнған суреттер…

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, елімізге танымал  суретші Александр Трофимов-Черныйдың сурет галереясында Қазақстан Коммунистік халық партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлы дала елі–тәуелсіз Қазақстан» атты фотокөрменің ашылу салтанаты болып өтті.

 

Шараға облыстық ішкі саясат және мәдениет басқармаларының өкілдері, зиялы қауым мен жастар қатысты.
Көрмеге  партия қатарындағы бес фотосуретшінің отызға жуық фотосуреттері қойылды. Аталмыш  шараның негізгі мақсаты фотосурет арқылы еліміздің өсіп-өркендеу жолын, оның тарихын  бедерлеу, осыны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде ұсыну болып табылады.  Бұл шараға елімізге танымал  суретші Александр Трофимов-Черный, Вениамин Соловьев, Тамара Козловамен қатар, Әлия Еламанова мен Андрей Вереницын  есімді жас дарындар да қатысып, өз еңбектерін ел назарына ұсынды. Бір айта кетерлігі, әр фотосуретші өзінің шығармасын көпшілікке таныстырып,  ой-пікірлерін ортаға салды. Мәселен, он жеті жасынан сурет түсірумен айналысып келе жатқан өз ісінің шебері Вениамин Соловьевтың айтуынша, қазіргі таңда қолына айфон ұстаған да, қатардағы фотоаппараты бар адам да, өзін фотосуретші санайды. Осыдан барып, бұл өнердің құны түсіп бара жатқандай.  
Расында да, көрмеге қойылған әрбір суреттің астарында философиялық мән-мағына, өнеге мен тәлім, сыр мен сұлулық жатыр.  Қазақстан Коммунистік халық партиясы облыстық филиалының хатшысы Бейсенбай Мәжитов көрмеге қатысқандарды диплом және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретте: фотокөрмеден көрініс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар