Еңбектің бағасын асқақтатты

Елбасының сөзінде мен сияқты құрылысшыға алдымен еңбек туралы айтқан көкейге қонымды тұжырымдары ұнады. 

Елбасының салтанатты жиында «Тәуелсіздік дегеніміз – бұл Жалпыға Ортақ Еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі» деп толғануының өзінде үлкен мағына жатыр. Осы сөзді естігенімде көз алдыма жалындаған жастық шағым елестеді. Мамандығым құрылысшы болғандықтан, сонау жылдары құлазыған ен дала Көксеңгір алабында Уәлиханов ауданын құруға атсалыстық. Ондаған тұрмысқа қолайлы тұрғын үйлер салған едік. Біраз кеңшарлар бой түзеді. Кейінірек аудандық жол пайдалану учаскесіне басшылық жасауға тура келді. Бірнеше кеңшарға қатынайтын тас жол төсеумен де айналыстық. Ауыл араларының жолдарын қалпына келтірген сәттер де көз алдымда.
Тәуелсіздік алған тұста Көкшетау қаласына қоныс аударып, №55 жол пайдалану басқармасына басшылық жасадым. Сол тұста облыс орталығының жолы сын көтерерлік емес еді. Қаладағы басқа да құрылыс ұйымдарымен бірге тозығы жеткен көше жолдарын жөндеуден өткіздік. Елбасы өз сөзімен баршаға тағы да еңбектің қадірін білгізгеніне ризамын.
Балғожа ЖАНӘДІЛОВ,
ардагер құрылысшы.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар