Сарапшылар жобаны таныстырды

Облыстық әкімдіктің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығында «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер құзыретінің бірыңғай шегі» жобасын жүзеге асыру аясында семинар болып өтті.

Семинар жұмысына Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің басшысы Қуаныш Жапақов, облыстық әкімдіктің персоналды басқару қызметінің басшысы Жанар Темірханова, аймақтық орталықтың қызметкерлері мен тыңдаушылары қатысты. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін құзыреттіліктің бірыңғай шегін әзірлеу жөніндегі мәселелерді түсіндіру.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген орталық басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты  Әлібек Баймағамбетов  өткізіліп отырған шараның маңыздылығы мен ерекшелігіне тоқтала келіп, осы семинарға арнайы келген аталмыш жобаның халықаралық және отандық сарапшылары Эдуард Захарченко, Веселин Канчев және Кристина Кравцованы таныстырды. Жоба менеджері Эдуард Захарченко жоба туралы, оны жүзеге асыру кезеңіндегі жүргізілген зерттеулер жайлы айта келіп, осы үлгіні әзірлеу үдерісіндегі түйінді мәселелерге басты назар аударды. Ол сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің жаңа келбетін сипаттайтын құзыреттер туралы да сөз қозғады.
Семинар барысында жоба қызу талқыланып, мемлекеттік қызметшілер өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар