Тартып міндім ат жалын

Құрметті редакция! Біздің Бурабай ауданы Атамекен орта мектебінің 9 сынып оқушылары Келгенбай Оспан мен Разбол Аманжол кішкентайларынан қолдарына қалам алып, ақын ағаларының жолын қуып келеді. Екеуі де оқу озаттары. Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне ынталары ерекше. Өзім болашақтарынан үміт күтетін осы  қос шәкіртімнің бір топ тырнақалды өлеңдерін сіздердің газеттеріңізге арнайы жолдап отырмын.  

Алтынай Зікірина, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Өлең де, ән де жаттадым,
Үмітін елдің ақтадым.
Ер жетіп қалдым бүгінде,
Тартып мініп ат жалын.

 

 

Атыңды әлем танысын,
Қазақстан – намысым!
Дүниежүзілік картада,
Қуанамын бары үшін.
 
Таулар ғой елдің асқары,
Болады өлең астары.
Ел үшін терін төгетін,
Көбейсін қазақ жастары!

 

 

Аяулы
ауылым

 

 

Ашқан ем ғалам есігін,
Ұмытпан ерлер есімін.
Төсінде сайран салатын,
Аяулы,  алтын бесігім.

Ұмтылам шыңға жетуге,
Уақыт сырғып өтуде.
Балалық шақтың күндері,
Ай мен жылда кетуде.

Арқалар елдің ауырын,
Сыйлаймын ерлер қауымын.
Бүгін, ертең, қашан да,
Аман бол, туған ауылым!

 

 

Отанымды
ойлаймын

 

Биік шыңға бойлаймын,
Жырымды елге жолдаймын.
Жылдан-жылға көркейген,
Отанымды ойлаймын.

Түзу жүзген кемеміз,
Толқындармен келеміз.
Атыңды алға апарар,
Жастарға біз  сенеміз.

Саялаймын саяңды,
Ар-намысың оянды.
Тәуелсіз ел атанған,
Келешегім баянды.

Өсірген бізді ботам деп,
Жемісіңнен татам көп.
Азамат боп туған соң,
Өтемін мен «Отан!» деп!

 

 

Атамекен

 

Жер жәннаты –  Атамекен, ұя ма,
Кеудемдегі сағынышым сия ма?!
Сені аңсаймын, көргім кеп,
Шет жүргенде, сонау алыс қияда.

 

 

Жүре алмаймын, саған өлең арнамай,
Қолда Тәңір! Арманымды байламай.
Атамекен, қазақ елі өзіңе,
Тәу етемін қасиетті Қағбадай!

Шет жүрсе де бармақтай бағы бар,
Қазақ деген ата жұртқа табынар.
Аз Керейдің саз сәлемін әп келдім,
Атамекен, шын жүректен қабыл ал!
       
  Келгенбай ОСПАН.

 

 

 

Бурабай

 

Бурабай – жер маржаны,
Талай елдің арманы.
Айнакөлдің тербелген,
Ну қарағай жан-жағы.

Оқжетпестің шыңында,
Өткен талай тарихтар.
Қансын талай сырына,
Қонақтарды алып бар.

Көгінде ұшқан бүркіті,
Бурабайым, ел құты.
Мен де жылдам жетемін,
Сағынғанда бір күні.

 

 

Бір құрмет

 

Әкең қатал болса да,
Сыйлау оны – бір құрмет.
Ағаң тете болса да,
Тыңдау оны – бір құрмет.

Інің әлсіз болса егер,
Қорғау оны – бір құрмет.
Досың сеніп келсе егер,
Қолдау оны – бір құрмет.

Үлкен, кіші адамға,
Сәлемдесу – бір құрмет.
Бар ізгілік анаға,
Менен десу – бір құрмет!

 

 

Киелі жер екенсің

 

Сарыарқа, киелі жер екенсің,
Қазағыма құт болған бір мекенсің.
Ойыңда суың, бойыңда бар қуатың,
Өзіңменен шын мақтанып кетемін.

Қазақтың  ұлан-ғайыр Сарыарқасын,
Бір көрсең шаттанасың, тамсанасың.
Өйткені, басқа жақта тұрғанда сен,
Осы бір ата-жұртты  аңсағансың!

Төсінде бұғы лағы ойнақтаған,
Сылдырлап тауларынан бұлақ аққан.
Өзіңдей мекенді мен таба алмаспын,
Көңілім қыран құстай аспандаған.

 

Разбол АМАНЖОЛ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар