Өнер мерекесі ретінде өтті

«Евразия» ойын-сауық кешенінде караокеден  өткен облыстық байқаудың финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Онда осы өнер сынынан сүрінбей өткендері Алматы қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

 

«Евразия» ойын-сауық кешенінің жетекшісі Данияр Мақановтың айтуынша, байқау жарияланғанына бес айдың жүзі болған. Осы аралықта 50 үміткер  бағын сынаған. Өткен аптада іріктеу сынынан өткен ең үздік деген он өнерпаз финалда өз өнерлерін ортаға салды. Музыкалық білімі жоқ бола тұра, ән салғанда алдына жан салмайтын қыз-жігіттердің өнері кәсіби әншілерден кем түскен жоқ.   Байқауға қатысушылардың арасында мемлекеттік қызметшілер, жеке орындаушылар мен қарапайым жұмысшылар да болды.             Әрбір адам өзіне сенген уақытта ғана ішкі мүмкіндіктерін сыртқа шығара алады демекші, бұл сайыстың басты мақсаты да сол. Яғни, табиғи дарынды көпшіліктің назарына ұсыну. Сайыс қорытындысы бойынша Яна Хабибуллина мен Алдияр Ерғали жеңімпаз атанып, 16 қазан күні Алматы қаласында өтетін республикалық байқауға қатысатын болды. Онда жеңімпаз атанғандар АҚШ-тың Канада қаласында  «Ванкувер-2016» әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Біз облыстық ақтық сында бағы жанған жеңімпаздарды осы бір қуаныштарымен құттықтап, байқау туралы әңгімелеп берулерін өтінген едік. Яна Хабибуллинаның айтуынша, ол өткен жылы ұйымдастырылған осындай байқауда да өз мүмкіндігін сарапқа салған. Бірақ, ақтық бәсекеде қарсыластарының мерейі үстем болған. Ал, осы жолы асығы алшысынан түсіп, бағы жанып отыр.
– Ән айтқан кезде ерекше әсерге бөленіп, көңілім көкке өрлейді.  Жалпы, музыка біле-білгенге үлкен рухани азық. Осы орайда, байқауды ұйымдастырған жандарға алғысым шексіз. Бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады  деген сенімдемін,–дейді Яна.
Тағы бір айта кетерлік жай үстіміздегі жылдың 16 қазанында «Евразия» ойын-сауық кешенінде караокеден тағы бір жүлде сарапқа салынады. Ол – ТМД елдері өнерпаздары арасында болатын «Москва-2016» караоке чемпионатының облыстық кезеңі. Көкшетауда өтетін бұл өнер бәйгесінде жолы болғандар Қазақстан атынан Мәскеу  қаласында өтетін чемпионатқа қатысатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар