Ақпараттық-насихат тобы жұртшылықпен кездесті

Ақмола облысына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ақпараттық-насихат тобы жұмыс сапарымен келді. Бес адамнан тұратын насихат тобы облысымыздың бірқатар өңірлерінде болып, жұртшылықпен кездесулер ұйымдастырып, жаңа министрліктің атқаратын жұмыстары мен діни экстремизм қаупінің  алдын алу мәселелері бойынша әңгімелер өткізді.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Сәуле Ыбыраеваның айтуынша, насихат тобының мүшелері Есіл және Жақсы аудандарында көпшілікпен кездесулер өткізді. Осындай кездесу Көкшетау қалалық әкімдігінде де өтті.  Қалада тіркелген діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың, түрлі мекемелер мен ұйымдардың өкілдеріне Дін істері жөніндегі комитеттің жанындағы халықаралық мәдениет және діни орталықтың директоры Ертас Мұратбеков діни экстремизм тарапынан келетін қауіптер мен оған қарсы күрес және осы қауіптің алдын алу шаралары жайында баяндап берді.
Қазіргі күні министрлік тарапынан 2017-2021 жылдарға арналған дін мәселесін реттеудің тұжырымдамасы дайындалуда. Экстремизмге қарсы күрес қауіпті ағымдармен күрес және қатердің алдын алу шараларын жасау бағыттарында жүргізілмек. Тұжырымдамада көзделген жұмыс халықтың діни сауатын көтеру және экстремистік көзқарастарға төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі басты екі бағдар бойынша жүргізілетін болады.
1992 жылы қабылданған «Діни сенім мен ар-ождан бостандығы туралы» заңның елімізге көптеген теріс ағымдардың еніп, миссионерлердің қаптап кетуіне ықпал тигізгені белгілі. Жаңа заңда осы жайлар ескеріліп, діни рәсімдер тек арнайы жабдықталған ғимараттарда өтуі және уағыз да сондай орындарда айтылуы міндеттелген. Қазір діни бірлестіктерді қайта тіркеу бұрынғы қаптап кеткен күмәнді ағымдардың қатарын азайтып, дін саласын біршама ретке келтіргендей болды. Десек те, бұл бағытта әлі де көп жұмыстар атқарылуы қажет. Осыған орай, заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделуде.
Кездесу барысында ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне жұртшылық тарапынан біраз сауалдар қойылып, нақты жауаптар алынды.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар