Алғысымыз шексіз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөліп отырғанының нәтижесінде қазақстандықтарға заман талабына сай медициналық қызмет көрсетілуде.

Тәуелсіздік алған ширек ғасырдың ішінде елімізде жүздеген денсаулық сақтау нысандары салынды. Солардың бірі өткен жылы Наурыз мерекесі қарсаңында Астана қаласында ашылған «Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасы».
Елбасымыз осы аурухананы  ашқанда өте риза болып, қуанып қалып едім. Биыл сол ауруханаға хабарласуға тура келді.  Сексенге келген жұбайым Әбділхалық Ибраимов аяқ астынан ауырып қалып, қатты қиналды. Не істерімізді білмей, дал болдық. Аталмыш аурухананың урология бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Еңсебаевпен телефон арқылы сөйлесіп едім, бірден жұбайымды ауруханаға медициналық тексерістен өту үшін алып келуімді өтінді. Сондай иманжүзді, асыл азамат екенін дауысынан-ақ сездім. Шілде айының аяғында жұбайым екеуіміз барып, толықтай тексерістен өтіп, қажетті анализдерді тапсырдық. Жұбайымды порталға кезекке қойып, уақыты келгенде барып, ота жасатты. Бәрі сәтті өтті. Қазір денсаулығы құдайға шүкір, жақсы.
Енді газет арқылы дертке дауа іздеп, көмегін көрсетіп жүрген, қолы жеңіл Ерлан Еңсебаев пен осы бөлімшенің ақ халатты абзал жандарына аналық ақ алғысымды білдіргім келеді. Әрқашанда адам жанының арашашысы деген атқа лайық бола беріңіздер.
Роза ИБРАИМОВА,
зайыбы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар