Пәтерге қолы жетті

Қарттар айлығында Журавлевка ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Дмитриевич Христичке аудан орталығы Макинск қаласынан жайлы пәтердің кілті тапсырылды.

Бір орталықтан жылытылатын жарық әрі жылы пәтер соғыс ардагеріне дер кезінде беріліп отыр. Себебі, ардагер мен жұбайының жастары ұлғайған, денсаулықтары нашар, жер үйде тұру қиын. Өз қабылдауында болған соғыс ардагеріне аудан әкімі Қуандық
Еспергенов тұрмысқа қолайлы пәтер беріледі деп сендіріп еді. Сол уәде орындалып, қарттың қуанышқа кенелген жайы бар. Аудан әкімі атынан Журавлевкада болған аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күлән Сейдахметова, аудандық мәслихаттың депутаты Шахман Құсайынов  ардагерге пәтер кілтін ғана тапсырып қоймай, азық-түлік пакетін де табыс етті.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар