Әріптестік қадамы

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың аймақтық орталығы мен Ақмола облысы бойынша «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалдары әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсіміне облыстық жекелеген департаменттердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының тыңдаушылары қатысты.
Шараға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлеген аймақтық орталықтың директоры Әлібек Баймағамбетов, облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Салтанат Кенжетаева, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың директоры Виталий Городецкий және жер кадастры мен жылжымайтын мүлікке техникалық қызмет көрсету департаменті басшысының міндетін атқарушы Сұңқар Сағымбеков тараптардың өзара бірімен-бірі әрекет жасауы осы меморандумның мақсаттарын жүзеге асыру үшін аталмыш мекемелердің қызметкерлері арасында бірлескен семинарлар мен тренигтердің, дөңгелек үстелдердің, практикалық сабақтардың өткізілуін және ақпарат алмасуын қамтамасыз ететіндігін тілге тиек етті.  
Меморандумда мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша сабақтардың тақырыптарын мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламасына қосуда әріптестіктің негізгі қағидалары қамтылған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар