Жұмыс іздегендер келді

Ақкөл қаласында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Онда жұмыспен қамту орталығының мамандары келушілерге бос жұмыс орындары  және «Жұмыспен қамтудың  жол картасы – 2020» бағдарламасы жайында  қажетті ақпараттар берді.

Екі қолға бір күрек таппай жүргендер ауданда онша көп болмаса да, жұмыссыздар жоқ емес. Олардың арасында жоғары білімді мамандар да, арнайы кәсіби білімі мен біліктіліктері жоқ жастар да бар. Осы орайда, аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Назгүл Мананбаева, «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің маманы Қуаныш Байжүкенов еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жайында және «Жұмыспен қамтудың  жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін ашудың шарттары туралы түсіндірді. Ауданда жұмыссыз адамдарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау оқуларына жіберу, шағын несие алып жеке кәсібін, қосалқы шаруашылығын дамытуға жағдай жасау арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында мақсатты шаралар қолға алынуда. Осының арқасында бұл мәселе біртіндеп шешіліп келеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ақкөл ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар