Қатерден қаймықпаған

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғаныс подполковнигі Мереке Нұрбаевтың бұл салада қызмет істегеніне 18 жылдан астам уақыт өтіпті.
Осы жылдар ішінде талай апаттан құтқару жұмыстарына қатысып, ондаған адам өмірін қауіптен аман алып қалып жүрген абыройлы азамат ол. Өз ісін жетік білетін маман бірнеше мәрте төтенше жағдайлар комитетінің  ведомстволық медальдарымен, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен  марапатталған.
Мереке Олжабайұлы кәсіби маман болуымен қатар асыл жар, асқар таудай әке. Жұбайы Гүлмира азаматтық қорғаныс майоры, аталмыш салада бас маман. Екеуі Алмас, Санжар атты ұлдарын тәрбиелеп өсіріп отыр.

Жанат ҚАЖЫБАЙҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар