Өңделген астықты экспортқа жөнелтудеміз

Бауыржан Итенов басқаратын «Жалтыр элеваторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің биыл 120 мың тонна астық қабылдауға мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда элеватор Егіндікөл ауданының «Бауманский» серіктестігі, Астрахан ауданының «Целина», «Темірлан» шаруа қожалықтары тәрізді өзге де ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 72 мың 100 тонна астық, 2,5 мың тонна зығыр қабылдап үлгерді. Кәсіпорында 147 адамның күш-жігерімен 40 мың тонна астық тазаланып, оның  4 мың тоннасы кептірілді. Астық «Сепаратор» блоктарында тазаланады. «Целинный» астық кептіргіштері сағатына 220 тонна астық кептіреді. Бұл жұмыстарға қоса ТМД елдеріне астық тиелуде. Жұмыста Баян Құсайынова, Виктор Рябокон, Райхан Жанұзақова, Хадиша Әлібаева көзге түсіп жүр. Еңбеккерлер үшін барлық жағдай жасалған. Кәсіпорын егде адамдарға, мүгедектер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға қолұшын созуды назардан тыс қалдырған емес. Элеватор локоматив және өзге де көлік тәрізді арнайы техникалармен жабдықталған. Астықтың сапасын анықтайтын электрондық қондырғы сатып алынды. Сондай-ақ, электрондық астық қолхаты жүйесі енгізілген. Серіктестіктің наубайханасы Астрахан мен Егіндікөл аудандарының тұрғындарын нанмен қамтамасыз етуде.

Василий ШЕЙНОВ,
Жалтыр элеваторының бас инженері.

Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар