Бос жұмыс орны туралы мәлімет беріліп отыруы тиіс

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес әрбір адамның еңбек бостандығына, қызмет пен мамандықты еркін таңдауға құқы бар.

Биылғы жылдың 18 тамызында Қазақстан Респуб-ликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Бос жұмыс орындарының ағымдағы мәліметін және болжанған жұмыс орындарын базаға енгізіп, қажетті мамандық пен бос жұмыс орындары жөнінде мәлімет ұсыну үшін әкімшілік есеп формасын бекіту туралы» бұйрығы   күшіне енді.
«Тұрғындарды жұмыспен қамту» туралы Заңға сәйкес өзінің қажеттілігі мен қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыруына байланысты тұрғындардың жұмыспен қамтылуы оларға еңбекақы мен кіріс әкеледі. Бұл жағдайда тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, азаматтарға кіріс әкелетін еңбегіне жағдай жасау керектігін аңғарамыз. Бұл салада мемлекеттік саясат толық, өнімді және таңдалған жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады.
Жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшін тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына келген лайықты жұмыс іздеуші, жұмысы мен кірісі жоқ жеке тұлға алдымен жұмыс іздеуші адам ретінде тіркеледі. Жұмыс іздеушіге он күннің ішінде вакансия рыногында бар лайықты жұмыс іздеуге ықпал етіледі. Егер жұмыс іздеуші адамға лайықты жұмыс табылмаса, тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы оны жұмыссыз ретінде тіркеу жөнінде шешім қабылдайды.
Сөйтіп, әркім жұмысқа орналасуда таңдау жасайды. Мемлекеттік қолдауға ие болу үшін жұмыс берушіге немесе жұмыспен қамту орталығына жолығу қажет. Жұмыс берушілерге қажетті мамандық пен бос жұмыс орны жөніндегі мәлімет ұсыну жаңа енгізілген заңға жатпайды. Бұл норма бұрынғы заңдарда да белгіленген. Мәселен, 1998 жылдың 30 желтоқсанында күшіне енген «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңда жұмыс берушілер барлық бос жұмыс орны жөніндегі мәліметті өкілетті органға беруге міндетті делінген.   Сондай-ақ, 2001 жылдың 23 қаңтарында күшіне енген «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңда жұмыс беруші бос жұмыс орнының саны жөніндегі мәліметті тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына беруге міндетті деп қарастырылған. Мәлімет жұмыс орны пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберілуі тиіс. Бос жұмыс орнының саны жөніндегі мәлімет өкілетті органға уақытылы ұсынылмаса немесе берілмесе, Қазақстан Республикасы Кодексінің 98-бабымен жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төленеді.
 Болжанған жұмыс орны бойынша қажетті мамандық жөніндегі мәлімет 1 сәуір мен 1 қазаннан кеш берілмеуі керек. Заңға сәйкес, бұл шара тұрғындарды жұмыспен қамту саласында жұмыс берушінің мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысуына мүмкіндік береді. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 98-бабында бос жұмыс орнының саны жөнінде берілмеген мәлімет үшін санкция қолданылады. Болжанған жұмыс орны бойынша берілмеген мәлімет үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі кодексте қарастырылмаған. Бұйрықта белгіленген мұндай норма жұмыс берушінің міндетіне жатпайды. Дегенмен, мұндай мәліметті жинау еңбек нарығында қажетті мамандықтардың болжамды қажеттілігін анықтау үшін керек. Қорытындысында бұл шара жұмыс берушілер үшін қажет. Бұйрықтың жобасы 2016 жылдың 17 маусымында министрліктің қоғамдық кеңесімен мақұлданды. Аккредиттелген ұйымдардың оң қорытындысы шығарылды. Осыған байланысты бұйрық жобасын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының келісімінсіз жұмыс берушіні міндеттеп, жаңа айыппұл енгізу жөніндегі алыпқашпа сөз негізсіз. Өйткені, қолданыстағы заң жөнінде жұмыс берушілер хабарсыз. Егер еңбеккер жұмысынан есеп айырысатын болса, оның себебін анықтау керек. Жұмыс орны қысқартылған жағдайда вакансия жабылады. Есептің тиісті бөлігінде вакансия саны азаяды.  Белгіленген форма бойынша есеп кез-келген жағдайда ұсынылады. Компанияда еңбеккердің есеп айырысуына байланысты босаған вакансияға ешкім қабылданбаған жағдайда да есеп беріледі. Патентпен жұмыс істейтін жеке тұлға тұрақты түрде жалдамалы еңбеккер күшін пайдаланбайды. Сондықтан, қажетті бос жұмыс орны мен мамандықтар жөніндегі мәліметті ұсынбайды. Вакансиясы жоқ серіктестік есеп бермейді.
Жұмыс беруші вакансия пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті органдарға тиісті мәліметті тапсыруы тиіс. Одан әрі бұл вакансия жұмыспен қамту орталығына жіберіледі. Орталық бұл вакансияларды «Жұмыспен қамту» базасына орналастырады. Жұмыс беруші бос жұмыс орны жөніндегі мәліметті «Жұмыс» порталына орналастыруды өз еркімен шешеді. Жұмыспен қамту орталығы бұл вакансияларды жұмыссыз азаматтарға ұсынады. Олардың келісімі бойынша мекеме мен кәсіпорындарға жолдама береді.

Шолпан РАХМАТУЛЛИНА,
облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
 басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар