«Отан ағашына» үлес қосты

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ғимаратының жанында  студенттер мен жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған  «Отан ағашы» акциясын өткізді.

Шараның  мақсаты – жастардың бойына еңбекқорлық қасиеті мен  ұлтжандылықты сіңіре отырып, көпшілік арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Шараның салтанатты ашылуында  облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Ринат Галлямов егемендігіміздің 25 жылдығымен жиналған қауымды құттықтап,  ақмолалық  жастар осындай  игі шараларда өте белсенді екенін  жеткізді.
Содан соң, жастар мен студенттік еңбек жасақтарының облыстық штабының төрағасы Владимир Одинцов  аталған акция өңірдің барлық жерлерінде өтіп жатқандығын, облыс көлемінде 1600 түп ағаш көшетін отырғызғандықтарын   айтып өтті.
Бұдан әрі жастар  тәуелсіздігімізге 25 жыл толуына орай, 25 жас  көшет  отырғызды.
Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар