Тайтөбедегі қуаныш

Аудандағы Қосшы ауылының іргесінде орналасқан Тайтөбе ауылы кезінде өзінің демалыс орындарымен белгілі болатын.

Ол кездегі шағын ғана ауыл бүгінде Елордаға жақын орналасқандықтан, жан-жақтан көшіп келушілердің көптігіне байланысты  ірі елді мекенге айналды. Осыған орай, әлеуметтік  нысандар салу қажеттілігі туындайтындығы белгілі.  Әсіресе, бірді-екілі жеке меншік бала бақша жұмыс істегенімен, мемлекеттік мектепке дейінгі балалар мекемесі болмағандығы біраз қиындықтар тудырған еді. Енді міне, бұл мәселе де өз шешімін таба бастады.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Тайтөбе ауылында 140 орындық бала бақшаның ашылу салтанаты болып өтті. Мемлекеттік сараптамаға сүйенсек, аталмыш жобаның құны 349,358 миллион теңгені құрайды. 2013 жылы Қанат Естеков басқаратын «Асыл қазына НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім-шарт  жасасудың нәтижесінде осынау құрылыс уақытылы аяқталып, тайтөбеліктерді үлкен қуанышқа бөледі.
Бұл бала бақша қазіргі заман талаптарына сай қондырғылармен, қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мекеме ауласы да абаттандырылып, ағаштар отырғызылған көрінеді. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күніне орай, Қызылжар, Новоишимка ауылдарында да осындай бала бақша ашылып, Қоянды ауылында түрлі нысандарға электр желілері тартылды. Жалпы, екі жыл ішінде 5 мектеп және 13 бала бақша пайдалануға берілгендігі ауданда әлеуметтік нысандар салуға баса назар аударылып отырғандығын аңғартса керек.

  Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар