Қоғамдық қабылдау нәтижесімен құнды

«Нұр Отан»  партиясының  жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының  облыстық филиалы  қоғамдық қабылдау жұмысының қорытындылары  қаралған екшелген дөңгелек үстел өткізді.

Оған  отырыстың сарапшылары ретінде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Қуаныш Жапақов және  облыстық мәслихаттың  депутаты, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі аймақтық орталығының басшысы  Әлібек  Баймағамбетов пен  мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар қоғамдық бірлестіктері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.   Жиынды ашып,  жүргізіп отырған «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрайымы Жанаргүл Жүнісова өз баяндамасында  үстіміздегі  жылдың 18 тамыз бен 13 қазан аралығында қоғамдық қабылдауға 29 ақмолалық келгендігін,   олардың барлығы Қазақстан Респуб-
ликасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесі мүшелерінен және  барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарынан әртүрлі  кеңес алғанын айтты. Сондай-ақ,  биылғы жылдың қазан айында жасотандықтар Көкшетау қаласының үш жоғары оқу орындарында «Таза сессия!» акциясын ұйымдастырып  жемқорлыққа қарсы бақылау жүргізгендіктерін де тілге тиек етті.  Бұдан әрі  «Жас Отан»  жастар қанатының  облыстық филиалы төрайымының  орынбасары Сәмира Тәйтенова  Көкшетау қаласындағы бірқатар  жоғары оқу орындарында өткізілген  «Таза сессия!» акциясының қорытындысы бойынша білім алушылардың 85 пайызы сауалнама барысында оқу орындарында сыбайлас жемқорлық оқиғасымен кездеспегендіктерін  жеткізді.
Шара  соңында жасотандықтарға сарапшылар  өз  кеңестерін беріп,   өзекті мәселелерді де көтерді.
 Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар