«Ақдариға» әжелер ансамблі келді

Айлық аясында Зеренді ауданының  Көктерек  негізгі мектебінде көпшіліктің көңілінен шыққан мазмұнды мәдени шара болып өтті.

Алдымен сөз алған  Зеренді селолық округі әкімінің орынбасары Жадай Әбутәліпов егде адамдардың ерен еңбектері мен ауыл  тұрғындарының ауызбірлігі жөнінде атап өтіп, қарттарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Ахметзақи Мананов, Қабыкен Омаров, Майра Гималова, Үмітжан Молдахметова, Сәлімжан Шуматов, Марат Мұтағаров, Майра Шуматова сияқты ауылдың өркендеуіне үлес қосқан өзге де еңбек адамдарын Алғыс хатпен марапаттады. Егде адамдарды аудан орталығындағы мәдениет үйінде өтетін концертке шақырды. Сондай-ақ, мәдени шараны ұйымдастырған «Шындәулет» ауылдық өндірістік кооперативінің төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Марат Молдахметов пен жергілікті кәсіпкерлер Сәбира мен Нариман Шуматовтарға алғысын білдірді. Олардың селолық округ әкімдігімен қоян-қолтық жұмыс жасайтынын, қыс айларында жолды қардан тазалайтынын, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға қолұшын созатынын алға тартты. Одан әрі қарт журналист Олжабай Нұрғалиев сөз сөйлеп, аудандық мәслихаттың депутаты Марат Молдахметов аудандық мәдениет үйіндегі «Ақдариға» фольклорлық әжелер ансамблімен бірге Қарабұлақ, Игілік, Мәлік Ғабдуллин, Кішітүкті ауылдары мен Дороговка, Исаковка селолары тәрізді он жеті елді мекенде осындай мәдени шара өткізіп жүргенін айтты.
Жиналған жұрт аудандық мәдениет үйіндегі «Ақдариға» фольклорлық әжелер ансамблінің өнерін тамашалады. Ауылдың қарттары риза болып, мәдени шараны ұйымдастырғандарға алғысын білдірді. Осы күні Түгелбек Жайылғанов сияқты өзге де кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен Ортағаш ауылының мәдениет ошағында егде адамдарға құрмет көрсетіліп, ас берілді.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар