Қариясын қадірлеген ауыл

Кеңбидайық ауылдық округінде өткен «Қарияларға бас иеміз!» атты мерекелік шара еңбек ардагерлеріне арналды.

Ауылдың ардақты ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарын, еңбек ардагерлерін ең алдымен ауыл әкімі Балғабай Иманов құттықтап, оларға игі тілектерін арнады. Жиналған қауымға аудандық мәдениет үйінің және халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары да ізгі тілектерін білдірді.
Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен «ВИА» атты ардагерлер тобы арнайы әзірлеген концерттік бағдарламасын ұсынып,
ауыл тұрғындарына ән-жырдан шашу шашты.
Аталмыш іс-шарадан соң «Кеңбидайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Қуат Ерғалиевтің демеушілігімен ауылдың егде адамдары мен ардагерлерінің құрметіне дастархан жайылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар