Үй сәнін келтіреді

Қаратал ауылының тұрғыны Ержан Қабдидің «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы ашқан жиһаз цехынан шыққан өнімдерге сұраныс жоғары. 

 

Ержан Қабди осыдан 8 жыл бұрын Моңғолиядан атажұртына көшіп келді. Астана қаласының іргесіндегі Целиноград ауданының Қаратал ауылына қоныс тепкен ол, бүгінгі таңда өз кәсібін ашып, жұмысын дөңгелетіп  отыр. Оның қолынан шыққан жиһаз бұйымдары үлкен сұранысқа ие болып, жеке кәсіпкер өз цехын енді кеңейтуді көздеуде. Мұндай табысқа жетуіне «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының шарапаты тиген. Қазір кәсіпкер тапсырыспен тұрмысқа қажетті бағасы қолжетімді ас үй және жатын бөлме жиһаздарын жасауда. Тұтынушылардың арасында Астанадан арнайы келетіндер де бар көрінеді.
– Біз жиһазды жасаумен де, жинаумен де айналысамыз әрі керек болса, жеткізіп те береміз. Бағасы қолжетімді. Сондықтан, табысымыз күнкөріске де, несиемізді өтеуге де жетеді Жалпы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының берері мол деп есептеймін, – дейді кәсіпкер өз сөзінде.
Аслан ОСПАНОВ.
Целиноград ауданы.

Суретте: Ержан Қабди жұбайымен бірге өзі ашқан жиһаз цехында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар