Сыбайлас жемқорлыққа төзбестік танытайық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің және «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық қатынасты қалыптастыруда құқықтық көмектің рөлі» тақырыбында халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Халыққа қызмет көрсету орталығы халықпен тығыз жұмыс істейді.  Сол себепті де, аталмыш мекеменің қызметкерлерінің жұмыс сапалығы да  басты назарда. Осыған орай «Нұр Отанның» XVII съезіндегі Елбасының сөйлеген сөзі шеңберінде айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында мамандар аталмыш орталыққа барды.   
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы  Сайлаубек Жанашев   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»  туралы орталықтың қызметкерлеріне түсіндірсе,   мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін  арттыру үшін облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Салтанат Кенжетаева  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жасалынып жатқанын тілге тиек етті. Мәселен, орталық  үстіміздегі жылы 65 семинар мен дөңгелек үстел өткізген  және арнайы  арыздар жәшігі орналасқан екен.  Сондай-ақ,  ол сыбайлас жемқорлықпен әр мекеме күресу керектігін  айтты.
Шара соңында партиялық бақылау комиссиясының мүшелері  халыққа қызмет көрсету орталығына  жұмыс сапалығын арттыру  үшін өз ұсыныстарын айтты.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар