Сот-медицина сарабы мамандары бас қосты

«Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінің сот медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі Төтенше жағдайлар кезінде «Стикс-МСМЭ» мобильді сот-медицина кешенімен  сот сараптамасын ұйымдастыру» тақырыбында  практикалық-семинар  өткізді.

Шараны сот медициналық орталығының басшысы  Ахметқали Жәрдемов ашып, жүргізді. Практикалық семинарға  Астана, Қостанай,  Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысы мен  Көкшетау филиалдарының  сот-медицина сарапшылары қатысты.  
Қазіргі таңда төтенше жағдайлар  кезіндегі сот-медицина сарапшыларының қызметі төтенше жағдайлардың  нормативтік-құқықтық актілерінен  көрініс таппай келеді. Осы мәселені  Ахметқали  Жәрдемов «Төтенше жағдайлар кезіндегі сот-медицина сарапшыларының рөлі»  тақырыбындағы  баяндамасында жан-жақты әңгімеледі. Төтенше жағдайлар кезінде  жылдам әрекет ететін сот-медицина сарапшылары тобын ұйымдастырудың  бүгінгі уақытта  қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды. Сот-медициналық орталығының Көкшетау филиалының сарапшысы Андрей  Цыганков төтенше жағдайлар болған жағдайда   сот-медицина жұмысын қалай жоспарлауға және  басқаруға болатындығы жөнінде баяндады.
Семинардың  екінші кезеңі   Көкшетау қаласының төтенше жағдайлар-26 басқармасының оқу-жаттығу алаңында өтті. «Стикс-МСМЭ»-нің  мобильді зертханасы бар. Онда қажетті инженерлік-техникалық  құрылғылардың барлық түрлері бар және төтенше жағдайлардың   салдарын жоюда сот-медициналық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындауға арналған арнайы құрал-жабдықтармен қамтылған.  Мобильді зертхананың жоғары өткіштігі бар жүк автокөлігінде орналасуы республиканың барлық аймақтарына кедергісіз жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  Сондай-ақ, кешен сот-медициналық мәйітханадан, мәйітті сақтауға арналған модульден және көпшілікке арналған модульден тұрады. Онда  жұмыстың барлық кезеңдерінде сараптамалық  зерттеудің толық нұсқасын  жүзеге асыруға және санитарлық-эпидемиологиялық, гигиеналық нормаларды  сақтай отырып, зерттеу материалын  биологиялық жағынан қамтамасыз  етуге толық мүмкіндік жасалған.  
Отырыс соңында  семинарға  қатысушыларға сертификаттар  табыс етілді.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар